Атырау облысында 12 гектар құрғақ шөп өртеніп кетті

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында құрғақ шөптің жануы толық сөндірілді

Фото: видеодан алынған скрин

Атырау облысы Құрманғазы ауданында Сүйіндік ауылынан 40 шақырым жерде Апанды көлінің маңында ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт аумағы 12 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге «Ауыл құтқарушылары» ерікті жасағы мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жедел әрекет ету нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетелік Қарағандының Қарқаралы ауданындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылған еді.