Атырау облысында 1,3 млн-ға жуық шабақ құтқарылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысында 1,3 млн-ға жуық шабақ құтқарылғанын мәлімдеді.

Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

Биылғы 27-28 тамыз күндері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Индер ауданындағы бөлініп қалған судан 1 млн 280 мың дана шабақты құтқарған.

«Сонымен бірге „Маломокрый“ арнасынан 37 мың дана балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді», — деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы Жезбұға көлінде балық қырылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да 340 мыңнан аса балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді