Оқиға Атырау – Индер тасжолының 178-шақырымында, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде болған.
Полицияның мәліметінше, осы бағытта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самат Даукенов пен Дәурен Жалауов оқиға орнына дереу жетіп, көмек көрсетуге кіріскен.
– Тәртіп сақшылары жағдайды жедел бағалап, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкерлерін тартып, қажетті арнайы техниканы ұйымдастырды. Арнайы жүк көлігінің көмегімен автобусты қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілді, – делінген хабарламада.
Алғашқы сүйреу кезінде трос үзіліп кеткенімен, полицейлер қосымша құрал-жабдықтар жеткізіп, автобусты жолдың қауіпсіз бөлігіне шығаруға ықпал еткен.
Полицейлердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде 33 баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, автобус бағытын әрі қарай жалғастырды.
Айта кетейік, Семейде екі бала суға батып кетті.