Атырау облысында 45,7 мың адам 59,7 млрд теңге несиесін кейін төлейтін болды

Фото: Фото: pixabay.com

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында 45,7 мың тұрғын 59,7 млрд теңге несиесін кейін төлейтін болды.

Атырау өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Асланбек Қабесовтің айтуынша, 45 739 тұрғын несиесін төлеуді кейінге қалдыруға өтініш берген.

«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың несиесін кейінге қалдыру бойынша банк және микроқаржы ұйымдарымен келісім жүргізілді. Атырау облысы бойынша 45 739 адамның 59 млрд 795 млн теңге көлеміндегі несиелік төлемдері кейінге қалдырылды. Қазір су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың несиелерін кейінге қалдыруға қатысты жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан банк пен микроқаржы ұйымдарына несиелерді кейінге шегеру үшін осы санаттағы тұрғындардың тізімі жіберілді», - дейді Асланбек Қабесов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Доссор трассасындағы көпірдің асты кеңейтілуі мүмкін екенін жазған едік. 

Сондай-ақ, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы 1,5 метрге тереңдетілгенін хабарлаған болатынбыз.