Нақтырақ айтқанда, өнім Ресей, Әзербайжан, Украина, Грузия және Германия елдеріне экспортталды. Өңірде балық шаруашылығын дамыту аясында 2028 жылға дейін қосымша 5 тауарлы балық өсіру жобасын іске асыру және бір балық өңдеу зауытын жаңғырту жоспарланған.
Оның ішінде тұйық сумен жабдықтау жүйесі мен тоғандарда тұқы тұқымдас балық өсіруге бағытталған үш жоба бар. Жоспарға сәйкес, 2027 жылдан бастап қосымша 400 тоннаға дейін балық өнімін өндіру көзделіп отыр.
— Балық қорын сақтау мақсатында былтыр Жайық өзеніне 5 млн дана бекіре тұқымдас шабақ жіберілсе, жыл басынан көрсеткіш 3,7 млн дана болды, — деп мәлімдеді облыстық әкімдік.
Қазір өңірде 18 балық шаруашылығы субъектісіне 31 учаске бекітілген. Қосымша 27 учаске резервте тұр. Балық шаруашылығы кәсіпорындары Жайық пен Қиғаш өзені бойында, Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігінде, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігінде балық аулайды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 1647 дерегі анықталған.
Бұған дейін өңірге қарасты Құрманғазы ауданында көлшіктерде қалып қойған балық шабақтарының құтқарылып жатқаны жөнінде жазған едік.