2025 жылғы 14 қаңтар сағат ауа райының бұзылуына байланысты Атырау облысында келесі жолдарға шектеу қойылды:
— Сағат 21:50–де Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы автожолының 517-603 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы — Атырау қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
— Сағат 22:30–да Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы автожолының 337-517 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан-Доссор а. дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
— Сағат 23:00–да Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау шекарасы автожолының 3-119 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы-Құлсары қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Үш жол учаскесін 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00–де ашу жоспарланған.
Бұған дейін хабарланғандай, «ҚазАвтоЖол» жолдың тайғақтығына шағымданған жүргізушілерге жауап берді.