Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Құрманғазы, Жылыой, Индер, Исатай және Мақат аудандарында мектеп автобустары жетіспейді.
Жалпы өңірде 123 мектеп автобусы бар. 43 автобустың тозығы жеткен, ал 3 автобус есептен шығарылған.
— Мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл демеушілік қаражат есебінен 6 автобус алып беру жоспарланған. Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен жаңа автобустар сатып алу үшін қаржы сұратылуда. Егер бұл мәселе мәслихатта оң шешімін тапса, мектеп автобустарына деген қажеттілік толықтай жабылады деп жоспарланып отыр, -деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы.
Айта кетейік, бүгінде оқушыларды таситын автобустарға төрт жүргізуші қажет.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда шатыры өртенген мектептің 300-ге жуық оқушысы басқа ғимаратта оқыту туралы шешім қабылданғанын жазған едік.