Атырау облысында шамамен 20 гектар аумақта қамыс өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше оқиға екпіні 24-26 м/с жететін қатты желдің салдарынан орын алған.

Фото: ТЖД

Жел бағытының жиі өзгеруінен қамыс өсімдіктерін сөндіру өрт сөндірушілерге қиындық тудырған.

«Өртті жоюға ТЖД, „Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау“ мекемесінен, ЖАО, барлығы 28 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Жедел іс-әркеттің арқасында сағат өрт 20:10–да жалын толықтай жойылды», — деп жазды аймақтағы ТЖД баспасөз қызметінен.