Атырау облысында тағы да қамыс өртеніп жатыр

Фото: Фото: mangystaumedia.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртінің 4 ошағы анықталды. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының мәліметінше, Каспий теңізінің Атырау облысының аумағындағы жағалауында қамыс жанып жатыр.

– Қамыс өртінің 4 ошағы Атырау қаласының маңындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта анықталды. Қазір төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері 3 техникамен оқиға орнына жетіп, қамыс өртін сөндіруге жұмылдырылды, - деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Әзірге қамыс өртінің себебі айтылған жоқ. Жалынның қанша гектар аумақты шарпығаны нақтыланбады. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Каспий теңізінің жағалауында 2 күн қатарынан 5 гектар қамыс жанғанын жазған едік.