Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 24 қаңтарда ер адам өлі күйінде табылған.
«Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан қайтыс болған ер адамның мүрдесін тапты. Тексеру кезінде оның 9 қаңтарда жоғалған 1985 жылғы екені анықталды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 11 күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам әлі табылмай жатқанынжазған едік.
Кейін Атырау облысында 15 күн бұрын жоғалған ер адам әлі табылмағанын хабарлаған болатынбыз.
Ер адам Құлсары қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкиізтоғай елді мекенінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Оның осы кезге дейін кері оралмағаны анықталып отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Жылыой ауданындағы №2 өрт сөндіру бөлімінен 3 қызметкер, 1 техника, аудандық полиция бөлімінен 5адам, 1 техника, жергілікті тұрғындардан 4 адам, 1 техника тартылған.