«Жер қойнауын пайдаланушы экологиялық рұқсатсыз 5 млн текше метр көлемінде күкіртті газды жағуға жол бергені анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен кінәлі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі (Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Кінәліге 12,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазір экологиялық заңнама талаптарын сақтау мәселесі облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынып отыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 4 айда 7 кәсіпорынға 13,7 млрд теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан сары түтін будақтағанын хабарлаған едік.