Атырау облысындағы Ганюшкино мен Аққыстау вокзалдары пайдалануға берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысындағы Ганюшкино және Аққыстау теміржол вокзалдарында жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Фото: Көлік министрлігі

Вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілермен шатырлары ауыстырылды, сондай-ақ жаңа жиһаз бен қажетті жабдықтар орнатылып, вокзал маңы абаттандырылды.

Жаңғырту нәтижесінде Ганюшкино вокзалының жалпы аумағы 249,5 шаршы метрден 713,3 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал Аққыстау вокзалының аумағы 202,3 шаршы метрден 214,7 шаршы метрге дейін кеңейтілді.

Облыс аумағы арқылы 9 жолаушылар пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері олармен 253,8 мың жолаушы тасымалданды. 

Айта кетелік Қызылорда облысындағы үш тарихи вокзал жаңғыртудан кейін қайта ашылған еді