Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 25 сәуірде Индербор кентінде өрттен екі адам зардап шеккен.
«Индер аудандық орталық ауруханасына екі адам жеткізілді. Оның бірі – әйелдің жағдайы аса ауыр жағдайда деп бағаланып отыр. Науқастың денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Ал ер адамның жағдайы орташа ауыр. Қазір науқастың екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастар аппаратқа қосылған. Әйелді Атырау қаласына жеткізу үшін санавиация шақырылды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болғанын хабарлаған едік.