Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

АТЫРАУ. KAZINFORM - Республика күнінде Атыраудағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалған соң облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік тілегін айтты.

Фото: Атырау облысының әкімдігі

— Республика күні — мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім — біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін! — деді Болат Ақшолақов.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі