Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

Фото: Фото: Атырау облысының әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Нысанбаев тағайындалды.

Серік Бағытжанұлы 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2008-2017 жылдары Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің, 2017-2022 жылдары аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы болған.

Ал 2022 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.