Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың мәліметінше, су беруді уақытша тоқтату туралы бүгін сағат 13:50-де шешім қабылданған.
«Индербор кентінде тәулігіне 2400 текше метр су тазартатын қондырғының бірінші көтерілім құбыры ағаш салындыларының кедергісінен үзілді. Кентте 4500 абонент бар. Оның ішінде «Болашақ» және «Шығыс» шағын аудандарындағы 700 абонентте ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Су екінші су тазарту қондырғысымен де берілуде. Дегенмен, бұл кентті толық қамти алмайды. Жөндеу жұмысы түнгі 24:00-ге дейін аяқталады», - деп хабарлады Дарын Шамұратов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында 900 сантиметрге жеткенін жазған болатынбыз.