Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Қазақбаевтың 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №33 бұйрығымен Кемел Иманғалиев жаңа қызметке тағайындалды.
Ол 1981 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Атырау облысының ішкі істер органдарында бастаған. 2007-2017 жылдары прокуратура органдарында түрлі лауазымда жұмыс істеп, бөлімнің аға прокурорынан Атырау облысы прокуратурасы басқармасының бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті.
2017-2024 жылдары өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында бас маман, кейін еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы болды.
2024 жылғы қарашадан бастап Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Бұған дейін Ақтөбе облысына қарасты Мәртөк ауданы әкімінің қызметіне Нұржан Мақсатов тағайындалғанын жазған едік.