Атырау облысының Ресеймен шекаралас ауданына жаңа прокурор тағайындалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекаралас Құрманғазы ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Бұл лауазымды Бас прокурордың бұйрығымен Абзал Сахиев атқаратын болды.
Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, Абзал Смағұлұлы 1983 жылы туған. Прокуратура органындағы жұмысын 2005 жылы бастаған.
Әр жылдары Атырау облысындағы Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі болған. Кейін Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Мақат ауданы прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.
Бұдан соң Атырау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры, Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау қаласы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысындағы Индер ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі тағайындалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Атырауда мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы қызметінен кеткенін хабарлаған едік.