Атырау облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: Атырау облысының әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды.

Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін заңгер мамандығымен бітірген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және басқарудағы бизнес-аналитика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 

Ол 2002-2005 жылдар аралығында облыстық ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген. 2005-2006 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман, 2006-2010 жылдары аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы, 2010-2014 жылдары Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

Ал 2014 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болған. 

2021-2023 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі, 2023 жылдан осы тағайындауға дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік.