Атыраулық оқырмандарға жобаның жалпы таныстырылымы болып өтті. Биылғы жылы отызға тарта аудиокітап жарияланатын болады.
Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жоба аясында Атырау өңірінен шыққан көрнекті жыраулар, ақындар мен жазушылардың шығармаларын интернет платформаға орналастырылуда.
Қазтуған Сүйінішұлы, Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Марат Отаралиев, Фариза Оңғарсынова, Табылды Досымов бастаған ақын-жыраулардың туындылары, Ә. Сәрсенбаев, Е. Домбаев, И. Жақанов, М. Құлкенов, Н. Қами, М. Мәжитов, Б. Сәрмекова секілді белгілі прозаиктердің шығармалары кәсіби студияда жоғары сапада жазылып, тыңдарманға жол тартты.
Алдағы уақытта әдеби туындылардан бөлек, публицистикалық, танымдық дүниелерді қалың оқырманға таныстыру жоспарда тұр.