Атырау - Орал трассасынан Индерборға бұрылатын 7 шақырым жолды тасқын су шайып кетті

Фото: Фото: видеодан алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау-Орал трассасынан Индерборға бұрылатын 7 шақырым жолды тасқын су шайып кетті.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Видеоны «Жол спасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филилалы жүктеді.

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, 8 мамырдан бері аталған жол бөлігінің жиегіне топырақ төгіліп, бөгет тұрғызылған. Алайда, Жайық өзенінен сай-жыраларға шыққан судың ағысын тоқтату мүмкін болмаған.

«Бүгін, 13 мамырда сағат 09.45-те сайларға жиналған тасқын су Индербор кентіне баратын жолдың 3-5-шақырым аралығына шығып кетті. Осы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Орал қаласына баратын автокөлік жүргізушілері үшін Махамбет ауылы арқылы өтетін балама жол бар», - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Орал трассасынан Индерге баратын жолды су басу қаупі қайта төнгенін хабарлаған едік.