Атырау полицейлері былтыр өзендегі мұз астына құлаған 12 адамды құтқарған

Фото: Фото: polisia.kz

 АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының полицейлері былтыр өзендердегі мұз ойылып, суға құлаған 12 адамды құтқарып қалған. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтауға байланысты іс-шаралар күшейтілген. 

– Өткен жылғы қыста полицейлер мұз ойылып, суға құлаған 12 адамды құтқарып қалды. Биыл ауа-райы құбылмалы ауа райына байланысты жазатайым оқиғалардыңалдын алу үшін Жайық өзенінің жағалауында патрульдеуді қолға алынды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге әуесқой балықшыларға қауіпті тұстардан балық аулауға тыйым салынатынын, мұз үстінде жүрген тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау туралы түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция департаментінің мәліметінше, қазір Жайық өзенінде қатқан мұз аса қалың емес. Кей тұсында адамның салмағын көтермеуі мүмкін. 

– Жайық өзенінің ескерту белгілері орнатылған тұстынан мұз үстіне шыққан тұрғындарға әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді. Әсіресе кәмелетке толмаған балаларды өзенге, мұз үстімен өтуге жібермеу қажет, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын жаңа жыл түнінде 15 атыраулық отбасының шырқын бұзғанын хабарлаған едік.