Елімізде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету шаралары қарқын алды.
«Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры қайырымдылық жұмыстарына ерекше ден қойып отыр. Жиналған гуманитарлық көмекті жөнелту жұмыстарына Атырау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері атсалысып жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық қажеттіліктер салынған көмек ертең жолға шығады.