Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 18 инвестордың жобаларына салған инвестициясы 4,6 трлн теңгені құрайды.
– Прокуратураның негізгі міндеті – проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру. Қадағалау органы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Прокурорлар уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, өзара іс-қимылдың жоқтығын, инвесторлардың заңды құқықтарының бұзылғанын анықтады, -деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Мәселен, 2020 жылы «Олимпик-Атырау» ЖШС туристік база мен атқыштар клубын салу жобасын мақұлданған. Ал, жергілікті атқарушы орган нысанды инженерлік коммуникациялармен қамтуды міндетіне алған.
– Алайда, жергілікті атқарушы органдар үш жыл бойы өз міндеттемелерін орындау жөнінде мүлдем шаралар қабылдамаған. Осылайша, Үкіметтің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысының 32-тармағы бұзылған. Жергілікті атқарушы орган жобаны іске асыру үшін үш жұмыс күні ішінде шаралар қабылдауы қажет. Нәтижесінде инвестор 50 млн теңге салынған жоба құрылысын жүзеге асыруды мәжбүрлі түрде тоқтатты. Прокуратураның қадағалау актісімен инженерлік желілерді салуға бюджеттен 49 млн теңге бөлініп, инвестордың құқықтары қорғалды, -деп мәлім етті облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда кей компаниялар жұмысшыларға жалақысын бермей келгенін хабарлаған едік.