31 жастағы футболшы кәсіби мансабында Швеция, Германия, АҚШ, Дания және Литва чемпионаттарында өнер көрсеткен. Ол Швецияның AIK, Германияның «Штутгарт», АҚШ-тың «Нью-Йорк Сити» секілді клубтарында ойнаған.
Тәжірибелі жартылай қорғаушы Гана ұлттық құрамасы сапында 10 матч өткізіп, бір голдың авторы атанған.
— Қазір «Атырау» клубының негізгі құрамында 26 ойыншы бар. Оның алтауы биылғы жазғы трансферлік кезеңде команда қатарына қосылды. Жаңа ойыншылардың бесеуі — шетелдік, біреуі — қазақстандық.
Бұған дейін клуб қатарына сербиялық шабуылшы қосылғанын жазған едік.