АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің финалына шықты.Қазақстандық теннисші нидерландылық Джой де Зеумен бірге жарыс барысында үш кездесуін сәтті өткізді.
Сандуғаш Кенжебаева – Джой де Зеу жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, нидерландылықтар Лус Эбелин Конин – Сара ван Эмстің мысын басты.
Қазақстандық-нидерландылық жұп бірінші партияда 3:6 есебімен есе жібергенімен, екінші сетте қарымта қайырды – 6:4. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5.
Сандуғаш Кенжебаева – Джой де Зеу финалда ресейліктер Аглая Федорова – Алиса Кюммельмен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Португалиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).