Сербиялық маман Деян Вуличевич жаттықтыратын «Атырау» клубы бұл жолы «Буревестник» (Алматы) командасына 0:3 (20:25, 22:25, 17:25) есебімен есе жіберді.
Бастапқы кездесуінде ел чемпионы «Тараздан» ұтылған атыраулықтар турнир кестесінде әзірге соңғы, 9-орында тұр.
Тараздықтар жұма күні «Есілге» 1:3 (25:22, 22:25, 22:25, 23:25) жол берді. Бұл жолы сенбіде суперкубок үшін «Ақтөбемен» алаңға шығатындықтан, «Тараздың» бас бапкері Юрий Башкатов қосалқы құрамға сенім артты.
Өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Павлодар» «Ұшқын-Көкшетауды» 3:0 (25:20, 25:16, 25:16) есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, турнир кестесінде «Жетісу» (Талдықорған) 8 ұпаймен көш бастаса, одан екі ұпайы кем «Тараз» бен «Павлодар» екінші және үшінші орында келеді.
Сенбі күні орталық кездесу «Тараз» бен «Ақтөбе» арасында өтіп, жеңген команда суперкубокқа ие болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жетісу» қатарынан үшінші рет жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.