Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
«Жобаға белсенді азаматтар, қоғамдық бірлестіктер, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен басқа да ұйымдар қатысты. Бұл жоба оң нәтижесін көрсетті. Оған 1 881 ерікті, оның ішінде Атырау облысынан 65 ерікті тіркелді. Волонтер мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурстарға мониторинг жүргізіп, шамамен 8 млн теңгенің үнемделуіне ықпал етті. Мәселен, Атырау облысындағы Мақат ауданының еріктілері бір көшетті 15 мың теңгеге сатып алу дерегін зерделеді. Волонтерлердің қырағылығының нәтижесінде бағаны 1,5 млн теңгеге көтеру дерегі анықталды. Ал, Атырау қаласында «100 ауланы абаттандыру» жобасы шеңберінде 14 млн теңгеге жуық бюджет қаражысының тиімсіз жұмсалуына жол бермеді. Бұл жоба жалғасын табады», - деді Ерұлан Серікқалиев.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда өнер мектебі 650 мыңның фортепианосын 1,5 млн теңгеден алмақ болғанын жазған едік.
«Махамбет аудандық білім бөліміне қарасты З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі фортепианоның бір данасын 1 млн 510 мың 400 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Осылайша 10 музыкалық аспап үшін жалпы сомасы 15 млн 104 мың теңге қарастырылған», - деп мәлім еткен еді департаменттің баспасөз қызметі.