Атырауда 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырау облысы Мақат ауданында 10-сынып оқушысының денесі үйінен табылды. Бұл ақпаратты облыстық ПД растады.
Оқиға 17 ақпан күні Доссор кентінде болған. Қыз бала үйінде асылып қалған. Қазіргі уақытта мәселенің мән жайын полиция анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету бойынша іс қозғалды. Тергеу басталды.
Оқушы Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектепте білім алған.
Мектеп директорының сөзінше, 2009 жылы туған оқушы шығармашылыққа жақын болған. Толық отбасында тәрбиеленген. Осы жағдайдан кейін мобильдік топ құрылып, білім беру басқармасы тарапынан тексеру басталып кеткен.
Осыған дейін Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа қатысып жүргенін хабарлаған едік.