Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 29 қазанда екі жүргізуші ұсталған.
– Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері жергілікті уақытпен сағат 16:20 шамасында Interceptor іздеу жүйесі арқылы екі автокөлікті анықтады. Патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ және Audi автокөліктерін қала аумағынан тоқтатты. Ресейлік зауыттан шығарылған жеңіл көлік жүргізушісіне 900 мың теңгені құрайтын 34 айыппұл салынған. Ал, Audi автокөлігі жүргізушісінің 1 млн 138 мың теңгені құрайтын 28 айыппұлы бар екені анықталды. Жүргізушілерге тиісті іс-шаралары қолданылып, автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір айда айыппұлын төлемей жүрген 1 мың жүргізуші ұсталғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, жол ережесін бұзған зейнеткер жүргізушіге 483 мың теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.
Белгілі болғандай, 16 қазаннан бері көліктің рульіне алкогольдік мас күйде отырған 22 жастағы 7 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылған. Ал, 1955 жылы туған зейнеткер жүргізушіге 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Сондай-ақ, 18 қазанда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі ВАЗ–2110 автокөлігінің жүру бағытын анықтады. Патрульдік полиция қызыметкерлері автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 1983 жылғы жүргізушінің 793 мың 500 теңгені құрайтын 36 айыппұлы бар екені анықталды. Борышкер жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.