Атырауда 2 ай бұрын із-түзсіз жоғалған жігітке іздеу жарияланды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда 23 жастағы жігіт қазан айында жоғалып кеткен. Содан бері әлі табылған жоқ.
Бүгін Атырау қалалық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен жігітке іздеу жарияланғанын хабарлады.
– Атырау қаласының тұрғыны, 2001 жылы туған Бауыржан Маратұлы Жайлыбаев іздестірілуде. Ол қазан айында үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Егер қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу 102 нөміріне немесе 98-11-14 хабарласу сұралады. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия сақталады, -деп мәлім етті полиция басқармасынан.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жоғалып кеткен бойжеткенді Жайық өзенінен іздеу қайта жалғасқанын жазған болатынбыз.
Атырау қаласының тұрғыны, із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жылы дүниеге келген. Ол Атырау қаласындағы Авангард-2 шағын ауданында тұрған. Үйінен 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында шығып, осы уақытқа дейін кері оралмаған. Жоғалған бойдеткеннің бойы – 1 метр 60 см.