АТЫРАУ.KAZINFORM - 28 мамыр сағат 11:00-де «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес дабыл сиренасы қосылады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезіміне берілмей, тыныштық сақтау керектігін хабарлады.
Бұған дейін ТЖМ бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі туындайтынын ескертті.
Алматыда 14 мамырда дабыл жүйесі іске қосылған болатын.
Нұрбибі Теміртасова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Журналистика және ақпарат» мамандығы бойынша білім алған. Медиа саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан асады. 2025 жылдың желтоқсан айынан бері Kazinform агенттігінің Атыраудағы тілшісі.