Атырауда 3 күн бұрын жоғалған 11 жасар жасөспірім іздестіріліп жатыр

Фото: Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда 11 жасар оқушы үш күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Содан бері жасөспірім үйіне кері оралмаған.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мектеп оқушысы 20 желтоқсанда күндізгі сағат 10:35–те үйінен шығып кеткен. 

— Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны, 2013 жылғы Жасұлан Назарчук үйінен дүкенге сүт алуға шыққан. Содан кейін із-түссіз жоғалып кеткен. Жоғалған ер баланың үстіне қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяқ-қиім киген. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне немесе анасы Натальяның моблиьді байланыс 8778 950 28 45 нөміріне дереу хабарлау сұралады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған жасөспірімді жан-жақты іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 2 ай бұрын із-түзсіз жоғалған жігітке іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.