Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде, кейбір телеграм арналарында тарады. Алайда жергілікті полиция қызметкерлері оның құлдықта болмағанын анықтады.
– Атырау облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған дерекке қатысты мониторинг жүргізіп, жедел анықтау-тексеруді қолға алды. Соның нәтижесінде 1971 жылғы ер адамның еш жерде мәжбүрлі түрде немесе құлдықта болғаны расталмады. Полиция қызметкерлері аталған азаматтың тұрғылықты мекен-жайына барып, туыстарымен әңгімелесті. Әлеуметтік желіде таралған ақпараттың жалған екені белгілі болды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.
Кейін Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген күдікті қамауға алынғанын хабарлаған едік.