Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы өтіп, оған өңір басшысы Болат Ақшолақов пен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов қатысты.
Пленумға жиналғандар ардагер ұйымдарының жұмысын қорытындылап, қарттарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтау және аға буынның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жөнінде пікір алмасты.
Атырау облысында 264 ардагерлер ұйымы бар, оларға 65 мыңнан астам адам мүше. Зейнеткерлерге медициналық және әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Пленум соңында ардагерлер қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар зейнеткер марапатталды.