Талдау барысында білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды. Алайда бірқатар мектептер мен балабақшаларда бұл талап орындалмаған.
- Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 11 млн теңгеден астам өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
33 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген бақылаушы органның дерегінде.
Қала прокуратурасы әлеуметтік салада заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, бұған дейін «Аралтұз» қызметкерге 5 млн теңге моральдық өтемақы төлейтіні туралы хабарланды.