Атырауда 9 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші ұсталды

Фото: Фото: Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі 9 млн теңге айыппұлын төлемеген. Тағы бір жүргізушінің 500 мың теңге айыппұлы бары анықталды. 

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, патрульдік полиция батальоны мен жедел басқару орталығының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін, айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтау мақсатында бірқатар жұмыс жүргізіп отыр.

«Мәселен, 16 маусым күні сағат 22:30 шамасында жедел басқару орталығының қызметкерлері сот қаулысымен бағыттама берілген Toyota Land Cruiser автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлады. Тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінің 9 млн теңге көлеміндегі айыппұлын төлемегені дәлелденді. Ал 17 маусымда сағат 01:20 шамасында Interceptor іздеу жүйесі арқылы Nissan Quest автокөлігінің Атырау-Доссор бағытына қатынайтын тас жол бойындағы жанармай бекеті тұсында тұрғаны анықталды. Армения Республикасында тіркелген көліктің жүргізушісі 500 мың теңге 26 айыппұлын төлемегені белгілі болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері айыппұлын төлемеген екі жүргізушіге тиісті іс құжаттарын жинақтады. Екі автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.