Атырауда 96 ескі көлік электрондық аукционға шығарылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының коммуналдық меншігіндегі тозығы жеткен 96 көлік жекешелендіру үшін электрондық аукционға шығарылды. Сауда 2026 жылдың 3 қарашасында өтеді.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Аукцион мемлекеттік мүлік тізілімінің e-qazyna.kz цифрлық платформасында ұйымдастырылады. Сауда бағаны көтеру әдісімен өткізілмек.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

— Аукционға қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалар электрондық платформада электрондық цифрлық қолтаңба кілті арқылы тіркеліп, белгіленген тәртіппен қатыса алады. Аукционға шығарылатын автокөлік құралдары туралы толық ақпаратпен, олардың бастапқы бағасымен, техникалық жай-күйімен, аукционға қатысу шарттарымен және өзге де қажетті мәліметтермен e-qazyna.kz электрондық платформасында танысуға болады, -делінген облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

sauda.e-qazyna.kz платформасында жарияланған ақпарат пен суреттерге қарап ескі көліктердің көбі полиция департаментінің, жедел жәрдем станциясының теңгерімінде болғанын байқауға болады.  Сондай-ақ, оқушыларды тасымалдаған автобустар да бар. 

Еске салайық, Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалды мемлекетке берген DoubleTree by Hilton қонақүй кешені үшінші рет аукционға шығарылғанын жазған едік.