Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылған. Барлығы 33 рет, жалпы көлемі 100 тонна су төгілді.
Қазіргі уақытта бір ошақта ауданы 7 га болатын аумақта қамыс бықсып жатыр.
Өртті сөндіруге ТЖД және «Ақжайық» МТР күштері мен құралдары, жалпы саны 80 адам, 23 техника жұмылдырылды. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау тұрғындарына түтін мен ыстың иісіне байланысты көшеге шықпау ескертілді.
Кейін Атырауда «Ақжайық» резерватындағы қамыс өртіне тікұшақпен 12 тонна су төгілгенін хабарлаған болатынбыз.