Атырауда алғаш рет ер адамнан микро-ТESE операциясы арқылы ұрық алынды
АТЫРАУ.KAZINFORM — Өңірде алғаш рет азооспермия диагнозы қойылған науқасқа микрохирургиялық микро-TESE операциясы жасалды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Азооспермия — ерлердің репродуктивтік қабілетіне аса ауыр әсер ететін патологиялардың бірі. Мұндай жағдайда сперматозоидтар мүлде болмайды, сондықтан дәстүрлі жолдармен ұрықтандыру қарастырылады. Микро-TESE әдісі — заманауи микроскопиялық технологияларды пайдаланып, аталық бездің тіндерінен минималды зақым келтіріп сперматозоидтарды анықтауға мүмкіндігін беретін ең тиімді хирургиялық тәсіл. Бұл процедура кейіннен экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасында қолданылады .
«Операция жоғары технологиялық микроскопиялық жабдық көмегімен жүргізіліп, барлық кезеңі кәсіби шеберлікпен сәтті аяқталды. Алынған материал ЭКО процесінде қолдануға дайын. Бұл — Атырау облысында микро-TESE әдісімен жасалған алғашқы ота, және өңірдің репродуктивтік медицина саласының жаңа даму кезеңінің бастамасы болып отыр. Алдағы уақытта осы инновациялық тәсіл аймақтағы көп азаматқа ата-ана бақытын сыйлауға мүмкіндік береді деп күтілуде», - делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, бұл отаны Атырау облыстық ауруханасының уролог-андролог дәрігері Дулат Бекқалиев жасады.
Еске салайық, осыған дейін СҚО-да кейінгі төрт жылда «Аңсаған сәбимен» 334 бала өмірге келгенін жазған едік.