Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әйел бастапқыда облыстық перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде сәбидің салмағы шамамен 6,5 келі деп болжанған. Сондықтан дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
— Сәби — Атырау қаласының тұрғынының алтыншы перзенті. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар мамандардың тұрақты бақылауында, — деп хабарлады перинаталдық орталық.
Еске салайық, ШҚО-да жыл басталғалы 50-ден астам нәресте дүниеге келгенін жазған едік.
Сондай-ақ СҚО-да кейінгі төрт жылда «Аңсаған сәбимен» 334 бала өмірге келгенін хабарладық.