Оқиға Махамбет ауданының Бейбарыс ауылындағы балабақшада болған.
Бұл деректі облыстық полиция департаменті мен облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады.
«Қазір аталған дерек бойынша баланың ата-анасы Махамбет аудандық полиция бөліміне шағымданды. Құзырлы органдар тарапынан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тергеу басталған.
«Махамбет аудандық полиция бөлімі жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Таяқ жеген балаға сараптама тағайындалды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жасөспірімдер жасаған 72 қылмыс тіркелгенін жазған болатынбыз.