Атырау қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру нәтижелері бойынша азаматтар үшін ашық қауіп төндірген 12 қараусыз қалған нысанға кіру шектелді. Осыған ұқсас басқа да ғимараттарға қатысты уәкілетті органдарға оларды дереу консервациялау, бұзу немесе реконструкциялау туралы нұсқамалар берілді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінді, түнде балалардың көңіл көтеру орындарында болуына жол бергені үшін 69 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапқа тартылып, 3 түнгі клубтың қызметі тоқтатылды.
Балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 3 612 заңды өкіл жауапқа тартылды.
-Қалалық мәселелерге жедел әрекет ету және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Цифрлық карта» жобасы аясында жасанды интеллект технологиялары тартылды. Қылмыстың алдын алуға бағытталған кешенді тәсіл қалалық округтегі құқық бұзушылықтардың жалпы деңгейін 12%-ға төмендетуге мүмкіндік берді,-делінген хабарламада.
Заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр.
Осыған дейін Ақтауда кәсіпкердің балаларға тегін балмұздақ таратқаны үшін айыппұл арқалағаны туралы жаздық.