«Ембімұнайгаз» АҚ-ның қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 8 наурызда «Жылыоймұнайгаз» басқармасының Батыс Прорва кен орнындағы № 437 ұңғымадағы ақауды жою аяқталған.
— «KazTechMunaiService» ЖШС ұңғыманы тығындауға дайындау үшін гидравликалық сынақ жүргізді. Сол кезде тығындау желісінің герметизацияланбады. Соның нәтижесінде қызметкерлердің бірі кеуде тұсынан зақым алды. Оның ішкі ағзалары зақымданбады. Қазір ол Құлсары қаласындағы орталық аудандық ауруханада жатыр. Қызметкердің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Дәрігерлер екінші қызметкерді тексеруден кейін үйіне жіберді, -деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
Бұл оқиға туралы Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарланған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында атқылаған газ алауы тоқтатылғанын жазған болатынбыз.