Атырауда егіздер Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласындағы Салық Зиманов атындағы № 37 жалпы білім беретін орта мектепте орналасқан № 256 сайлау учаскесіне егіздер де келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Аяулым мен Асылым Сапарова, Мөлдір мен Темірлан Өмірсерік, Ануарбек пен Әділбек Исекенов сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Егіздер сайлауға бірге қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

— Бүгін бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Дауыс беру — әр азаматтың ел болашағына қосатын үлесі деп ойлаймын. Сондықтан маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық міндетімізді орындауды жөн көрдік. Сайлаудан кейін үлкен өзгерістер күтеміз. Әсіресе жастарға қолдау болады деген үміттеміз, — деді Темірлан мен Мөлдір Өмірсерік.

Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Айта кетейік, № 256 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00–де басталды. Сайлау процесі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, азаматтар өз таңдауларын жасауда.