Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жылыой Болашақ» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғанын анықтады, деп хабарлайды Kazinform .
Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған.
"Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - деп жазды Атырау облысының прокуратурасы.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.