Атырауда фельдшерді атып кетті
АТЫРАУ. KAZINFORM – Бұл ақпаратты Атырау облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Аталған факт бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
— «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, — деп мәлімдеді полицияда.
Бұған дейін Жамбыл облысында жергілікті тұрғын жанжал кезінде фельдшерге оқ атқан болатын. Полиция бұл оқиғаға қатысты да қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, соңғы 5 жылда медицина қызметкерлеріне қатысты шамамен 160 шабуыл тіркелген. Оның барысында дәрігерлер әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алған.
Сондай-ақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғау шараларын әзірлейтіні хабарланған болатын.
Айта кетелік Үкімет медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешенін дайындайтыны туралы жазған едік.