ТЖД мәліметінше, өңірде 3-4 қазанда жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, жолдарда абай болуға және ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды.
— Тұрғындардан аса қажеттілік болмаса алыс жолға шықпауға, көлік жүргізу кезінде жылдамдықты сақтап, талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Ауа-райы туралы ескертулерді назардан тыс қалдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар, — деді ТЖД өкілі Нұрсәт Хаберов.
Бұған дейін Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметі қосымша күш пен техниканы әзірлегенін жазған едік.