Бұл жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Айқын нәтиже» жобасы бойынша жүргізіліп жатыр. Жоба үш бағытты қамтиды. Олар — қараусыз қалған ғимараттарды сүрту, бейнебақылау камералары жоқ аумақтарды анықтау және көшелерді жарықтандыру. Қала прокуроры Мерген Меңдіғалиевтің айтуынша, иесіз ғимараттардың кейбірі ішімдік ішетін және тұрақты баспанасы жоқ адамдардың паналайтын орнына айналған.
— Мұндай ғимараттарды бұзу тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға да бағытталған, — деді ол.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшы орынбасары Олжас Хасановтың мәлімдеуінше, ғимараттардағы тұрғындардың барлығы көшірілген. Босаған аумақтардың бір бөлігіне алдағы уақытта жаңа тұрғын үйлер мен сауда нысандарын салу көзделіп отыр.
Бұған дейін Атырау қаласында жыл соңына дейін 100-ден астам жеке тұрғын үй мен апатты жағдайдағы 8 көппәтерлі үй бұзу жоспарланып отырған жөнінде жазған едік.