Қайғылы жағдай сәуір айының соңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сенбілік кезінде қызметкерлердің бірі ауыр жүк көлігінің астында қалған. ПД баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық қодексінің 104-бабы (абайсызда қазаға ұшырату) бойынша іс қозғалғанын айтты.
- «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта компания оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізуде. Тергеу аяқталғанға дейін жазатайым оқиғаның мән-жайы жария етілмейді, - деп мәлімдеді компания.
Бұған дейін Атыраудағы орталық көпірде тоқ соққан азаматтар кінәлілердің заң алдында жауап бергенін қалайтыны туралы жазған едік.